Pioneer Group

Pioneer Group

   «Пионер» компаниялар тобының негізінің қалануының тарихы сонау 1977 жылы Қостанай қаласынан бастау алады. Еліміздің астық қоймасы болып табылатын Қостанай қаласында дәл сол жылы бірінші толығымен автоматтандырылған «Пионер» комбинаты іске қосылды. Қазір ол тәулігіне 700 тонна дәнді ұсақтап, жоғары, бірінші және екінші сұрыпты ұнды «ПИОНЕР» абыройлы брендінің атымен шығаруда.

    Ал 2004 жылы енді Шымкент қаласында екінші ұн шығару комбинаты «Pioneer Grain Products» іске қосылды. Аталмыш комбинат тәулігіне 500 тонна бидайды өңдеп, жоғары, бірінші және екінші сұрыптағы ұнды «Пионер» брендімен шығарып отыр. Екі комбинаттың да Қазақстан нарығында өз тұтынушылары бар және біз ұнымызды алыс-жақын шет елдерге, яғни Өзбекстан, Қырғызстан Түрікменстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Белоруссия, Ресей сынды елдерге экспортқа шығарып отырмыз.

    2007 жылы бөлмеаралық есіктер шығаратын «Шеф» ЖШС іске қосылды. Оның өндірістік қуаты жылына 100 000 тоннаны құрайды. Аз уақыттың ішінде есіктер фабрикасы нарықтан өз орнын тауып, жақсы пікірлерге ие болды.

    2011 жылы холдингтің өзінің кондитерлік өнімдер шығаратын «ПИОНЕР» кондитерлік фабрикасы» ашылды. Кондитерлік фабрика 25 түрлі печенье өнімдерін шығарады, оның барлығы дерлік Қазақстанның барлық аумақтары мен алыс-жақын шет елдердің нарығында үлкен сұранысқа ие.

    2014 жылы Шымкент қаласы мен Түркістан облысының туристтік саласының дамуына үлкен үлес қосып отырған «Pioneer Tourism Group» компаниясы ашылды. Бүгінде топтың құрамына қонақ үй-мейрамханалардың жауһары есептелетін келесі орындар кіреді:

    Mountain Resort «ALMA –TAU» бұл тұрғылықты қоры 200 адамды құрайтын қаланың қауырт тіршілігінен қашық, демалысқа арналған керемет орын. Табиғатының әсемдігі мен кеңдігі, даланың дархандығы, көркіне көз тоймайтын керемет көрініс – мұның барлығы дерлік адамның бойына қуат беріп, шаршауын алып, біздің қонақтардың сергіп, керемет демалуларына мүмкіндік береді.

    «SHYMKENT GRAND HOTEL» - Шымкенттің орталығында орналасқан қаланың ең танымал қонақ үйлерінің бірі, оның 121 жайлы нөмірі, 3 конференц залы мен заманауи салтанат сарайы бар.

    Қонақ үйдің аумағында орналасқан «Публика» мейрамханасы мен «Тамбовский Волк» бары отбасымен, достармен және жеке барып жайлы демалыс ұйымдастыруға мүмкіндік беретін сыйымдылығы 200 адамға дейінгі керемет орындар.

    2016 жылдың желтоқсан айында кешен аумағында «СӘУКЕЛЕ» салтанат сарайы ашылды. Мұнда 400 адамға дейін үлкен әрі салтанатты шаралар мен тойлар өткізуге болады.

    2017 жылы корпорацияның ұйғарымымен Aidana Plaza Hotel» бизнес-қонақ үйі іске қосылды. Онда европалық үлгі мен сапаның ең үздік дәстүрлерінің негізінде дайындалған деңгейі әр түрлі 84 нөмір бар.

    2018 жылы «Fontan» аквапаркі ашылды – оның сыйымдылығы күніне 2000 адам. Ол ТМД елдерінің арасындағы ең биік төбешіктері, балалар су қалашығы, толқынды бассейн, екі ересектерге арналған бассейндері және заманауи инфрақұрылымы бар ультразаманауи кешен.

    «ПИОНЕР» компаниялар тобындағы жұмысшылар саны 1200 адамнан асады.

    Қазіргі таңда нақты ұйымдастырылған жұмыс пен қызметкерлерінің кәсіби деңгейінің арқасында «ПИОНЕР» групп компаниясы нарық мен бизнес саласында жетекші позициялардың біріне ие. Тұтынушыларға бағытталған қызмет пен өз ісімізге деген сүйіспеншілік-біздің үлкен компаниямыздың негізі болып табылады.
 

БАСҚА ҰСЫНЫСТАР

  Шымкент, Республика даңғылы, 6А

  +7 (7252) 560-560

  info@hotelshymkent.com

    Біз әлеуметтік желілердеміз