Біздің мейрамхана -
оңтүстік өлкесінің дәстүрлі қонақжайлығы мен жаңартылған заманауи интерьерінің үйлесімі.

Shymkent Grand Hotel көпшілік арасында «Шымкент» қонақ үйі ретінде танымал – ол Оңтүстік Қазақстан облысы мен біздің қаламыздың нышаны.
Жақсартылған интерьер, өте жоғары қызмет көрсету сапасы, жайлы нөмірлер, заманауи талаптарға сай келетін конференц-зал – дәл осы артықшылықтардың барлығын біздің қонақ үй ең талапшыл әрі талғампаз қонаққа ұсынуға дайын. Барлық тұста дизайнерлік талғам мен ізденімпаздық байқалады. Бір сөзбен айтқанда ғимараттың сырты заманауи нано-технологиялық материалдармен қапталған, яғни ғимараттың іші жазда салқын, ал қыста жылуды жақсы ұстап тұрады. Соның арқасында электр қуатын жақсы үнемдеуге мүмкіндік бар. Жүргізілген ауқымды жөндеу жұмыстары Shymkent Grand Hotel қонақ үйінің қалтаға қонымды бағасына еш әсерін тигізбегенін айта кету қажет.
Шымкент, Республика даңғылы, 6А
«Фонтан» аквапаркі - Shymkent Grand Hotel қонақ үйімен бір кешенде орналасқан Шымкент қаласының орталығындағы халықаралық деңгейдегі аквапарк.
Аквапарктің ауданы 2 га, және онда: Ересектерге арналған бассейн • Толқынды бассейн • Кез-келген жасқа арналған бассейн • 6 ересектерге арналған төбешік, оның біреуінің биіктігі 20 метрден асады • біздің ең кішкентай келушілерімізге арналған су асты балалар қалашығы • 2 мейрамхана • үлкен ұжымдарға арналған тапшандар • Aqua Bar • Ата-аналар мен балалардың неғұрлым жайлы демалулары үшін күн сайын аниматорлар қарастырылған
Аквапарктің аумағында әрдайым құтқарушылар жұмыс жасайды, соның арқасында сіздің демалысыңыз жайлы әрі қауіпсіз болады.
Аквапарк жазғы мезгілде жұмыс жасайды. Аквапарк жұмыс жасап тұрған кездегі билет бағасын төменде көрсетілген телефон нөмірі арқылы білсеңіз болады: +7 701 049 40 40.
Бір адамдық кереуеті бар эконом санаттағы бір адамға арналған нөмір
Жуынуға арналған бөлмеде:
• Сүлгілер жинақтамасы
• Халат
• Душқа арналған жинақ
• Айна
• Шұңғылша
• Душ бөлмесі
Шкафта:
• Бірнеше киім ілгіш
• Сейф
• Жәшік
«Публика» мейрамханасы – бұл өте жайлы, керемет дизайны көз қуантатын европалық тағамдар ұсынатын заманауи мейрамхана. Интерьерінің көркі, аспаздық өнердің жоғары иірімі мен қызмет көрсетуінің мінсіздігі үйлескен үлкен жазғы терасса да өз қонақтарын құшақ жая қарсы алады. Күн сайын мейрамханада сіздер үшін жанды музыка ойнайды. Біздің аспаздарымыздың айрықша дәмді тағамдары сіздердің көңілдеріңізден шығатынына сенімдіміз, ал жайлы күй мен жағымды әуен сіздерге өздеріңізге жақын жандардың қасында жақсы демалуға көмектеседі.
Қалай тауып, баруға болады:
«Қиял әлемі» саябағына қарама-қарсы, «Акация» гүл дүкендерінің қасында
Жұмыс уақыты: Жұмыс күндері және жексенбі: 11.00-24.00, жұма, сенбі – 11.00-02.00
Асханасы: европалық тағамдар
Музыка: фондық, жанды
© 2022 барлық құқықтар қорғалған
Құпиялық саясаты
Шымкент, Республика даңғылы, 6А