ГРАНД ОТЕЛЬ «ШЫМКЕНТ» SHYMKENT GRAND HOTEL
Біздің мейманхана – оңтүстіктің дәстүрлі Қонақжайлылығы мен Жаңартылған заманауи интерьердің үйлесімі. Біз өзіміздің қонақтарымызға қолайлылық, жайлылық және ыңғайлылық атмосферадағы үздік қызмет көрсетумен қуантуға дайынбыз!
«Шымкент» мейманханасы Оңтүстік қаланың дәл орталығында, басты мәдениет және сауда орталықтарымен көршілес , әуежайдан 15 минут және темір жол вокзалынан 10 минут қашықтықта орналасқан. Шымкент қаласы Ұлы Жібек жолының керуен жолдарының қиылысында жатқан Тянь-Шань тауының бөктерінде орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Қазіргі Шымкент қаласының қалыптасып, дамуының тарихы – қаламен аттас және біздің қаламыздың мақтанышына айналған мейманханамен үздіксіз байланысты.