Біздің мейманхана

«Шымкент» мейманханасы («Чимкент» мейманханасы) ретінде белгілі Shymkent Grand Hotel – бұл Оңтүстік Қазақстан облысының және қаламыздың символы.

Заманауи талаптарға сәйкес келетін жетілдірілген интерьер, қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейі, жайлы бөлмелер, мәжіліс-залдары – осының барлығын мейманхана өзінің ең талғампаз және қатал қонағына қуана ұсынуға дайын. Барлығында дизайнерлік талғам мен желілердің ықшамдығы сезіледі. Ғимарат нано-технологиялық  материалмен қапталғанын айтып өткен жөн, бұл  Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Expo 2017-дегі бағдарына сәйкес келеді: жазда ғимараттың қасбеті салқынды сақтайды, ал қыста онда жылуды ұстап тұрады, осылайша электр қуатының едәуір үнемделуін қамтамасыз етеді. Қайта құрастыру Shymkent Grand Hotel бағалық саясатының демократияшылдығына ешбір түрде әсер етпегендігін айта кету керек.

Мейманхана кешеніне түрлі санаттағы жетілдірілген жайлы 121 бөлме; сыйымдылығы 150 адамға дейін жететін және заманауи техникамен жабдықталған үш мәжіліс-залы кіреді. Жаттығу залы, сұлулық салоны, жеке сыра қайнататын орны бар екі мейрамхана және паб.

Қаланың дәл орталығында орналасқандығының арқасында Shymkent Grand Hotel қонақ үй кешені – іскерлік сапарлар кезінде тұрақтау үшін ең тиімді жер және қала өмірінің дәл орталығында болуға мүмкіндік береді. Шымкент қонақтарына Мейманханаға жету үшін әуежайдан 15 минут және теміржол вокзалынан тек 10 минут уақыт қажет.

Бүгін Shymkent Grand Hotel – оңтүстіктің дәстүрлі қонақжайлылығы мен жаңартылған заманауи интерьердің үйлесімі. Мейманхана қонақтарын қолайлы, жайлы және ыңғайлы атмосферадағы үздік қызмет көрсетумен қуантуға дайын.

Біз Shymkent Grand Hotel барлық әлемдік стандарттар мен талаптарға сай келетіндігін мақтан тұтамыз.